ӘЧ-дегі тартыс: Испания, Бельгия, Уругвай алаңға шығады

21-нен 22-маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші тур ойындары жалғасады. G және H топтарының командалары додаға түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жексенбі күнгі ойындарды Испания — Сауд Арабиясы матчі ашады, содан кейін дүйсенбіге қараған түні Бельгия Иранмен ойнайды. Түнде Уругвай Кабо-Вердемен кездессе, таңертең Жаңа Зеландия — Мысыр матчі өтеді.

Испания — Сауд Арабиясы: тікелей эфир

Алғашқы матчтің трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ трансляция телеарна сайтында қолжетімді болады.

Топтан шығу үшін испаниялықтарға саудтықтарды жеңу қажет. Бұған дейін Испания Кабо-Верде командасын жеңе алмаған болатын.

Өз кезегінде Сауд Арабиясы да Уругваймен тең ойнап, әзірге топта бір ұпай иеленді.

Бельгия — Иран: тікелей трансляция

Мундиалдағы кезекті ойын күнінің екінші матчі Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады, ойынды Qazaqstan және Qazsport көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция телеарналардың сайттарында қолжетімді болады.

Бірінші турда бельгиялықтар Мысырды жеңе алмаса, ирандықтар Жаңа Зеландиямен голға толы тартысты ойын өткізді.

Уругвай — Кабо-Верде: тікелей трансляция

Үшінші матч 22 маусымға қараған түні Қазақстан уақытымен 02:50-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport көрсетеді. Сондай-ақ, ойынды телеарналардың сайттарынан тамашалауға болады.

Жаңа Зеландия — Мысыр: тікелей трансляция

Ойын күнінің қорытынды матчінің трансляциясы 22 маусымда таңертең Қазақстан уақытымен 05:50-де басталады. Ойынды Qazsport және сайты арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, әлем чемпионатының топтық кезеңі 28 маусымға дейін жалғасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!