- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абьюзер неліктен кінәсін...
Абьюзер неліктен кінәсін мойындамайды? Қазақстандық психолог түсіндірді
Соңғы кездері қоғамда абьюзерден қорлық көрген адамдардың оқиғасы жиі айтылып жүр. Абьюзді ер адам да, әйел де көрсете алады. Абьюзерлер көбінесе өзінің болмысын мойындай бермейді, керісінше өзін "судан таза, сүттен ақ" етіп көрсетуге тырысады. Ал абьюзер кінәсін неліктен мойындамайтынын танымал коуч әрі блогер Роза Әшірбаева әлеуметтік желідегі парақшасында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Коучтың айтуынша, мұның негізгі 6 себебі бар.
1. Абьюзер өзінің әрекетін дұрыс деп санайтындықтан, қыспаққа алғанда кінәсін толығымен жоққа шығарады. Ал кінәсі дәлелденсе, "шамалы, жәй ғана" деп ақталады;
2. Газлайтинг көрсетеді.
"Зорлықты көрсетіп алып, жасамадым деу - газлайтинг. Бұл агрессордың сүйікті манипуляциясы, ол құрбанын іштей кінәлі сезіндіріп, өз шешіміне күмәндандыру арқылы басқарғысы келеді", - деді психолог.
3. Агрессор ұятқа қалудан өлердей қорқады, өзін кінәлі сезіну ол үшін өліммен тең, сол үшін өз күнәсін басқаға аударуға тырысады. Мысалы: унитаз, еден, коуч, психолог.
4. Оларда эмпатия төмен, сондықтан өз ісін саралап, ойланып, ол үшін арланбайды.
5. Агрессорлар діннен, дәстүрден және менталиттетен өзінің әділетсіз әрекеті мен зорлығын ақтайтын ақпараттарды алып, оған сенеді.
6. "Зорлық түбі - қорлық" екенін білетін агрессор абыройсыз қалудан, заң алдындағы жауапкершіліктен барынша жалтарады. Сондықтан "ақты - қара, қараны - ақ" деп соңына дейін тіреседі.
"Агрессордың (абьюзер, тиран) әлемінде өзінен басқаның бәрі кінәлі. Байқасаңыз, олар өзінің агрессиясын тек өзінен әлсізге көрсетеді, ал сырт көзге мейірімді, әділ, иманды болып көрінуге тырысады. Сондықтан да агрессордың құрбанына ешкім сенбейді.
Қазір сіз сондай адамның құрбаны болсаңыз марқұм Салтанат сияқты немесе Нұрила сияқты фото мен видео жинап жүріңіз, сізге дәлел керек болады", - деп жазды Роза Әшірбаева.
View this post on Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә