- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Абьюзер емеспін". Қазақстандық...
"Абьюзер емеспін". Қазақстандық танымал модель мен актер екіге кеткендерін жариялады
Фото:
әлеуметтік желі
Танымал актер Асқар Ілиясов пен модель Айя Шалқардың кездесіп жүргені туралы ақпарат біраз уақыт тараған еді. Әлеуметтік желілерде олардың ортақ сурет, видеолары да пайда болды. Енді жұлдызды жұп екіге кеткенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен абьюзер емеспін, әйелдерді жақсы көремін, құрметтеймін. Айяны да жақсы көремін, сыйлаймын. Біз екіге кеттік. Төрт айға созылған қарым-қатынастан кейін ортақ шешім шығарып, бөлек кетуді жөн деп санадық", - деп жазды Асқар Ілиясов.
Актер ашық әңгімені қалайтынын айтып, ел алдында бірге сұхбат беруге шақырды. Оның сөзінше, бұл өздеріне ғана емес, көп адамға пайдалы болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова