- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абьюзер адам өзгере...
Абьюзер адам өзгере ма? Қазақстандық психолог шындықты айтты
Танымал психолог, коуч, блогер Роза Әшірбаева абьюзерлер жайлы шындықты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол инстаграм-парақшасында айтты.
"Абъюзермен тұратын әйелде 3 нәтиже бар: психологиялық травма (депрессия, мазасыздық, паникалық шабуыл және т.б) физиологиялық травма (нашар денсаулық, төмен иммунитет, денесінің көгеруі, сүйек сынуы, тіс түсуі т.б), өлім.
Қоғам абъюзердің әйеліне осы 3 жолды ғана ұсынады. Шыда. Құдай көріп тұр, ол өзгереді деп жұбатады.
Абъюзерді ешкім тәрбиелей алмайды, жөндей алмайды. Неге? Өйткені оған үстемдік жасау ұнайды, ал үстемдік жасаушы адам проблеманы өзінен көрмейді. Ол бәрін өз құрбанына жабады: "сен менің ашуымды шығардың" дейді.
Осы шындықты айтқаным ешкімге ұнамайды. Кешіріңіздер, шындық әрқашан жағымды бола бермейді. Дегенмен шындық мойындалған тұста проблеманың шешімін табуға болады.
Мен жаңа заң жобасын күтіп жүрмін. Шыға сала өзім де танысамын, аудиторияма да түсіндіремін.
Абъюзердің құрбаны абъюзерді өзгерте алмайды.
Ең бірінші кезекте абъюзерді заң аясында жазалау керек. Одан кейін абъюзер психокоррекция өту керек.
Өзгеріс жолы мен осылай көремін", - деп жазды Роза Әшірбаева.
Оқи отырыңыз: Абьюзерді қалай тануға болады?
А. Жапатова