"Абыройлы ана болса екен". Актер Айдар Асқарбек экс-әйелінің ашық образы туралы айтты

"Абыройлы ана болса екен". Актер Айдар Асқарбек экс-әйелінің ашық образы туралы айтты

Танымал актер Айдар Асқарбек экс әйелі Жарқын-ай Ханайым туралы ойын жеткізді. Ол туралы өнерпаз Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Отандық "Рауза" телесериалы арқылы халыққа кеңінен танылған актер Айдар Асқарбек жеке өмірі туралы әңгімеледі. Айлана есімді қызын өзі қарап отырған өнер иесі экс-әйелінің образы туралы да ойын ашық жеткізді. 

"Жеке өмірім жайында айтатын болсам, басым бос. Қызым Айлана өзіммен бірге. Анасының жұмыстары өте көп сондықтан қазір қызым менде. Бұрынғы әйелім туралы ешқандай ойым жоқ. Ол өзі жеке дара адам. Өзінің ойы бар, үлкен адам. Оған айтатын да, ойлайтын да менің құқығым жоқ. Тек кейде адамдар айтқан кезде ойланамын. Айлананың абыройлы анасы болса екен деген бір үміт бар", - дейді актер. 

@sss.sabinaa

Предпоказ фильма “Сакура”?

♬ оригинальный звук - Zat

Бұған дейін әлеуметтік желіде актердің танымал блогер Сабинамен қол ұстасып тұрған видеосы тараған еді. Осы тараған қауесетке актер нүкте қойды. 

"Сабина есімді блогермен бізді әлеуметтік желі байланыстырады. Ол қызбен жиі кездесіп тұрамыз, жұмыс істеп тұрамыз. Өмірде де доспыз, ол тек достық қарым-қатынас. Қолұстасу, құшақтау оның барлығы достық. Қол ұстасу бізде бір қызбен жігіттің арасындағы қол ұстасу болған жоқ. Тек сыйластық ретінде. Ол мені сыйлап, қолдап келді. Мен басты рольді сомдаған Сакура фильміне мені қолдап келгені үшін мен рақметімді айттым. Тек сол ғана. Енді халық түймедейді түйедей еткенді жақсы көреді ғой. Арамызда ешқандай нәрсе жоқ", - дейді Айдар Асқарбек. 

Айта кетейік, Аша Матайдың ағасы актер Айдар Асқарбек бұрын жеті жыл ішкі істер министрлігінде учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкіл және соңғы рет Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімінде тергеуші болып қызмет істеген. Бірақ жеке кәсіпке бет бұрған соң, ол жерден өз еркімен кетуіне тура келгенін, кейін киноға түсуге ұсыныс түсіп, өнер саласына бет бұрғанын сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. Әнші, актриса Жарқынай Ханайым күйеуі Айдар Асқарбекпен не себепті ажырасып кеткенін айтқан еді. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы