- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абылай Мырзахметов бес...
Абылай Мырзахметов бес жылға бас бостандығынан айырылды
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, Абылай Мырзахметов 2022 жылғы мамыр айынан қазанға дейін Б.-ға ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасы Б.-ны қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екенін айтқан. Ол алдап және сенімді теріс пайдалану арқылы, алаяқтық жасау жолымен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 миллиард теңге сомасында ақшалай қаражатын жымқырған.
Прокурор айыптауды қолдады.
Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды, қорғаушылар іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
"Абылай Мырзахметовтің кінәсі сотталушының өз кінәсін мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, қарыз шарттарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сот үкімімен Абылай Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне Абылай йМырзахметовті "Құрмет" және 3-дәрежелі "Барыс" ордені мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.
Абылай Мырзахметовтің мүлкіне салынған тыйым сақталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан