"Әбіржіп кеткенсің" деді". Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Қалбаева күйеуімен қарым-қатынысы туралы

"Әбіржіп кеткенсің" деді". Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Қалбаева күйеуімен қарым-қатынысы туралы
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал актриса, әзілкеш Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуі Арсен Акиевпен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер соңғы кездері күйеуінің өзіне суықтық танытып жүргенін байқаған.

"Соңғы кездері Арсеннен бір суықтық байқадым.
Ең жек көретінім сол көзқарас қой. Маған суық сөйлеп, басқаша қарайды. Қыздарға жігітінен, әйелге күйеуінен назар жетіспесе, бітті ешнәрсе қызық емес.
Барлық тірлігім жайында қалды. Ештеңеге зауқым болмай жүрдім. Тез шаршаймын. Жата бергім келеді. Бала-шағаға көңіл бөлінбей қалды. 
Біз Арсенмен барлық тақырыпта ашық сөйлесеміз. Сұрадым ғой "не боп жүр саған?" деп.
Арсен: Саған не боп жүр, Мереке? Айнаға қарадың ба? Әбіржіп кеткенсің. Айналаңмен ұрысып, қырылысып, быт-шыт боып жүрсің. Неге олай боп кеттің? Тыныштық па?" - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Париж Олимпиадасына қанша қазақстандық спортшы қатысады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә