Америкалық алқабилер соты Мұхтар Әблязовтың ақша ұрлау және ақша жылыстату дерегі бойынша сот процесінде БТА банкіне 218 миллион доллардан аса ақша қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк мәліметінше, үш апталық сот талқылауынан кейін Нью-Йорктің Оңтүстік округіне қарайтын АҚШ аудандық алқабилер соты Triadou SPV S. A.-ға қарсы барлық шағым бойынша "БТА банкі" АҚ пайдасына шешім шығарған. Алқабилер БТА компаниясына 2013 жылдың ортасынан бастап есептелген, пайызбен 100 миллион доллардан аса өтемақысын қайтарған. Бұл үкімнің жалпы сомасы 218 миллион доллардан асады.
Биыл 29 қарашада басталған сот процесінде БТА банкі Мұхтар Әблязовтың ұйымдастырған жаппай алаяқтық пен ақшаны жылыстату схемасының дәлелдерін ұсынуы сотта тіркелген бірінші жағдай болды. 2009 жылдың басында алаяқтық ашылған кезде БТА Қазақстанның үшінші ірі банкі болған еді.
Жауапкер, Triadou SPV Әблязовтың күйеу баласы - Ильяс Храпунов құрған және бақылайтын жалған компания саналады. Ол БТА-дан ұрланған қаражат арқылы 70 миллионнан аса АҚШ долларын алып, Нью-Йорк пен Америка Құрама Штаттарының басқа жерлеріндегі жылжымайтын мүлікке инвестицияға салған. Triadou компаниясы іс қаралып жатқан кезде жеті жылдан аса уақыт бойы белсенді түрде соттасып, өзінің қорғауын сотта алқабилерге ұсынған.
Шамамен үш апталық сотта түрлі айғақтар тыңдалған. Сонымен қатар, алқабилерге негізгі сыбайластардың айғақтары, соның ішінде Triadou компаниясының қаржылық жағдайының заңды көзі ретінде берген Геннадий Петелин, Triadou компаниясының инвестицияларын қадағалаған Ілияс Храпунов және Мұхтар Әблязовтың өзі ұсынылған. Бүгін БТА пайдасына шешім шығарған алқабилер олардың айғақтарын қабылдамай, Әблязов БТА-дан ұрлаған ақшасын Triadou компаниясы әдейі жылыстатты деген қорытындыға келген.
Нью-Йоркте Алматы қаласы мен БТА банкі атынан сот талқылауы жеті жылдан аса уақыт бұрын Мұхтар Әблязов пен оның қылмыстық серіктестері АҚШ-та ұрланған ақшаны жылыстатты деген айыппен қозғалған болатын. Соттың БТА мен Алматының істі қарауы барысында Әблязов, Ілияс Храпунов және Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов сот шешімдеріне бағынбағанын, дәлелдемелерді жойып, қажет ақпаратты беруден бас тартқаны дәлелденген. Нәтижесінде Нью-Йорктің Оңтүстік аймағының аудандық соты Әблязов пен Храпуновты жазалау туралы қаулы шығарған. Сонымен қатар, Әблязов сотты құрметтемегені үшін кінәлі деген үкім шығарған. Ал БТА Әблязовтың қылмыстары туралы қосымша маңызды дәлелдер жинап, алқабилер сотына ұсынған. Бұл жағдай осындай шешім қабылдануына әсер еткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!