- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әблязов жымқырған 1,4...
Әблязов жымқырған 1,4 миллиард доллар БТА банкке қайтарылды
БТА банк 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбзязов жымқырған 1,4 миллиард долларды қайтарып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"БТА Банк" АҚ мәлімдейді: 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін басшылықтың (Кеңес Рақышев) қатысуымен, банк біршама қарыз активтерді (1,4 миллиарды АҚШ доллары) қайтарды. Активтерді қайтару Рақышев мырзаның БТА-ның басшылық тобына келуімен едәуір өсті. Ұлыбритания мен Уэльстің Жоғарғы сот үкімін орындау барысында, Ресей федерациясының, Украинаның және Қазақстан Республикасының сот шешімдеріне орай, БТА банкке тиесілі мүліктер мен қаражаттар қайтарылды", - делінген хабарламада. Соған қарамастан Ұлыбритания соты Әблязовты БТА банкіне пайыздық есеппен 4,8 миллиард долларды қайтару үкімін шығарған.
"Біз барлық сот шешімдерін қолдаймыз, соның ішінде ұлыбританиялық және әмерикалық әділет заңдарын. Олар кезінде Әблязов жымқырған БТА банкіне тиесілі қаражаттарды банкке қайта қайтаруды көздеп отыр және банк соған құқылы. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады, - деді БТА банкіндегілер.
Еске сала кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалған болатын. Ол Қазақстанда 6 миллиард доллардан аса қаржыны жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қазақстанда оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Дереккөз: tengrinews.kz