БТА Банк Мұхтар Әблязовтың Франциядан кетуге міндеттелгені туралы хабарламаларға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"БТА Банкіне Мұхтар Әблязовтың босқын мәртебесінен айыру туралы Ұлттық соттың баспана құқығы бойынша шешім қабылдауы салдарынан оны Франция аумағынан 30 күн мерзімде кетуге міндеттейтін құжатты алғаны белгілі болды. Соған қарамастан, бұл нұсқаманы орындау мүмкін емес, өйткені тергеу судьясы Әблязовқа қатысты оған елден кетуге тыйым салатын сот бақылауы шарасын қабылдады", - делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.
23 мамырда Францияның кассациялық соты Әблязовқа қатысты қылмыстық істе қылмыстық қудалау мерзімі аяқталмады деп шешті.
"Осы шешімнің нәтижесінде іс тергеу судьясына Аблязовтың БТА Банкіне қатысты жасаған алаяқтық және ақша қаражатын жылыстату фактілері бойынша тергеуді жалғастыру үшін қайтарылды. Осылайша, Әблязов Францияда әлі де тергеуде және бұл елден кетуге құқығы жоқ", - деп түсіндірді компания.
Еске салайық, 2017 жылы Алматы соты Мұхтар Әблязовты 20 жылға бас бостандығынан айырды. Әблязов ҚК-нің алты бабы бойынша кінәлі деп танылды: "қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық жасау", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденуге немесе ысырап етуге әрекет жасау", "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)", "Банктің қолма-қол ақшасын заңсыз пайдалану","өкілеттіктерді теріс пайдалану".
2018 жылдың қараша айында Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық соты банктің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды деген айыппен Әблязовқа сырттай үкім шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!