Аблалиев ұсталғаны 10 күннен кейін ресми түрде расталды

Аблалиев ұсталғаны 10 күннен кейін ресми түрде расталды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұрынғы көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын Көлік министрлігі де растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz-ке берген жауабында Көлік министрлігі Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

"Ведомство құқық қорғау органдарына жәрдемдеседі", - деп толықтырды министрлік өкілі.

2 тамызда көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады. Ол пара алды деген күдікке ілінгені айтылған болатын.

Артынша ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын растады.

"ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі пара алды деген күдікпен және сот санкциясымен көлік вице-министрін қамауға алды", - деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

ҰҚК көлік вице-министрі ұсталған сәттің видеосын да жариялады.

Сәтжан Аблалиев туралы не белгілі?

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы көлік-жол институты және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.

Ол 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget