Аблалиев ресми түрде вице-министр қызметінен босатылды

Аблалиев ресми түрде вице-министр қызметінен босатылды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 тамызда көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады. Ол пара алды деген күдікке ілінгені айтылған болатын.

Артынша ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын растады.

"ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі пара алды деген күдікпен және сот санкциясымен көлік вице-министрін қамауға алды", - деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

ҰҚК көлік вице-министрі ұсталған сәттің видеосын да жариялады.

Сәтжан Аблалиев туралы не белгілі?

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы көлік-жол институты және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.

Ол 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget