Париж Олимпиадасында 5-орын алған Абиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы дзюдошы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Дзюдодан Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болдым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ Елдос ағам алтын "нашивкасына" қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым. Барша тілеулес жандарға рақмет!", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалғанын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!