Абиба Абужақынова әлемдік рейтингте өз орынын сақтап қалды

Абиба Абужақынова әлемнің ең үздік бес спортшысының қатарына кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде үздік үштіктен көрінген еді. Осылайша Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды.  Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде ол әлемнің ең үздік бес спортшысы қатарында.

Абиба Әбужақынова 48 келіде  5528 ұпаймен рейтингте 4-орында тұр. 

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, моңғолиялық Бавуудоржийн Баасанхуу 7226 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал екінші орында Италия спортшысы Ассунта Скутто 6212 ұпаймен, үшінші орында Париж олимпиадасының чемпионы Нацуми Цунода 5550 ұпаймен тұр.

Еске салайық, бұған дейін Абиба Әбужақынова Олимпиададан кейінгі бірінші жарысына қатысатынын хабарлаған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!