- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Абдырап қалдық". "МузАРТ"...
"Абдырап қалдық". "МузАРТ" тобының Қарағандыдағы жеке ән кешінде келеңсіз жайт болған
6 наурызда Қарағандыда "МузАрт" тобының жеке ән кеші өтті. Концерт барысында гитарада ойнайтын адамның қысымы көтеріліп, ауырып қалған. Бұл туралы Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, бас гитарашының денсаулығы сыр бергендіктен, бірнеше әнді бас гитарасыз шырқауына тура келген.
"Концерттің ортасында бас гитарашымыз Ерланның қысымы көтеріліп, ауырып қалып, бірер минут абдырап қалдық. Бас гитарасыз бір ән шырқауымызға тура келді. Бір әннен кейін қалпына келіп, сахнаға шыққанына да шүкір. Көрерменнің көңілі түспесін деп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар", - дейді ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "3 тәулік бойы ауырды". Сәкен Майғазиев жұбайының сырқаттанып қалғанын айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тәуекел хан сыртқы белсенді саясаты арқылы қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә