Қазақстандық шахмат жұлдыздары Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева Азия ойындарында жекелей сында медальдар үшін жарысты аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асаубаева тоғыз кезеңнің қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, 4-6-орындарды өзара бөлісті. Әбдімәлікке келсек, қазақстандық 5,5 ұпай жинап, 7-10 орындарда қалды.
Турнирде қытайлық Жинер Жу (7 ұпай) жеңіске жетіп, үздік үштікке өзбекстандық Умида Омонова мен қытайлық Юфан Ху (екеуі де 6,5 ұпай) кірді.
Ерлер арасындағы бәсекеде тағы бір қытайлық Ю Вей 7,5 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарды Өзбекстан шахматшылары бөлісті: Нодирбек Абдусатторов (7 ұпай) пен Жавохир Синдаров (6,5 ұпай) жүлдегер атанды.
Қазақстандық Қазыбек Нөгербек пен Ринат Жұмабаев 5 ұпаймен жарысты аяқтады.
Ханчжоудағы Азия ойындарында шахматтан командалық турнир 29 қыркүйекте басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!