"Әбдіжаппар қамалғанда жанында болдым, сабақ алды деп ойлаймын". Шоумен әншінің әрекеті туралы айтты

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа қамауға алынған сәтте қасында болған шоумен Руслан Ысқақ провокациялық әрекеттер болғанын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал шоумен, асаба Руслан Ысқақ өзінің туған күн кешінде журналист Анна Данченкоға берген сұқбатында Әбдіжаппар Әлқожаны қамауға алған сәтте қасында болғанын айтты. 

"Әбдіжаппар досымды ойлап қатты қынжыламын, жүрегіме батады. Бүгін туған күн кешімде көңілсіз жүргенімнің себебі де сол - Әбдіжаппар досым қасымда болмағаны. Бүгін әйелі келеді. Дегенмен де мен бір бүйрегімсіз, бауырымсыз қалғандай күйдемін. Алла жеңілдігін берсін!", - деді ол. 

Ал әншінің қандай жағдайда қамауға алынғанын сұраған журналистің сұрағына нақты жауап бермесе де, провакациялық әрекеттер болғанын жасырмады. 

"Әбдіжаппарды қамауға алғанда мен қасында болдым. Провокациялық әрекеттер болды, бірақ оның артын қазбалап айтқымыз келмейді. Біреуге немесе біреулерге жеккөрінішті боламыз. Жабулы қазанның қақпағы жабулы қалсын деп айтайын. Сабырлы болсын, Әбдіжаппар. Өзіне сабақ алды. Болашақта кімнің кім екенін және қоғамда қалай жүру керегін өзі үшін сабақ етіп алды деп ойлаймын. "Дос жылатып айтады" ғой енді, алдағы уақытта шыққаннан кейін ақыл кеңесімізді айтамыз", - деді шоумен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз