- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әбден тоздырып кидім“....
“Әбден тоздырып кидім“. Мақпал Жүнісова әлемді аралаған костюмін көрсетті
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлем елдерін аралап, ән салғанда киген костюмі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те "Гүлдер" ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, "Мұрагер" ансамблі, мен және "Гүлдер" ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Союзға кіретін Республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, В.Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді", - деп еске алды әнші.
Бір костюмнің тарихы мұнымен біткен жоқ. Мақпал Жүнісованың айтуынша, бұл костюм Шри-Ланка, Марокко елдерін де көріпті.
"Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы "Медеу" айдынында "Алтын Алма" фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген", - деп жазды әнші пластинканың сыртында суреті бейнеленген кездегі костюмін есіне алып.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева