Қазақстанда 18 оқу орнына және Көкшетау, Қосшы, Степногорск (Ақмола облысы) Арыс (Түркістан облысы), Талдықорған (Жетісу облысы) қалаларындағы 69 көшеге жаңа атау берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен республикалық ономастика комиссиясының отырысы өткен.
Нәтижесінде мына нысандарға жаңа атау беріледі:
Сондай-ақ, "Гүлдер", "Асу", "Тіршілік" және "Айналайын" сынды атаулардың бір бөлігі қайта қаралады.
"Жақында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың II отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өмірбаяны біреудің жеке мүддесі мен қалауы үшін мақсатты түрде мифологияланған кеңестік кезеңдегі қайраткерлердің есімдерін әртүрлі нысандарға беру тәжірибесін тоқтату керек екенін айтты. Президент ономастика саласында тәртіп орнатуды және өңірлік ерекшеліктерді де, жалпыұлттық басымдықтарды да ескере отырып, барлық рәсімді регламенттеуді тапсырған болатын. Дәл осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігі көрнекті қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың "Тарихи тұлғалар" тізімін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, соның негізінде нысандар мен көшелерге жаңа атаулар беріледі", - деді министр Асхат Оралов.
Қазір ономастика комиссиясына 681 ұсыныс түсті. Оларды жергілікті ономастикалық комиссиялардың қарауына, әкімдіктерге жіберу туралы шешім қабылданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!