Адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің инстаграм парақшасында абайсызда болған адам өлімі үшін қандай жаза қолданылатынын жазды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, абайсыздықтан болатын қылмыс қасақана қылмыстан ең алдымен жасаған бабының түріне қарай ерекшеленеді.
"Егер абайсызда адам өлімі болса, ҚР Қылмыстық Кодексінің 104-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, яғни өзінің дәлелін тауып, нақты абайсызда болғаны анықталып жатырса, 3 жылға дейін бас бостандығынан шектеледі не болмаса 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады", - дейді заңгер.