Танымал әнші Айдар Тұрғамбек алаяқтарға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Достар, абайлаңыздар, енді алаяқтар жаңа әдіс жасап жатыр.
Жаңа маған қоңырау шалып, "сіз телефон нөміріңізді қолданып жатқаныңызға 5 жылдан асып кетіпті, қолдану уақытын ұзартасыз ба?" дейді. Мен қазір Altel абонентімін, сосын оған "мен Altel менеджерлеріне өзі қоңырау шаламын, нақтысын білемін" десем, "жоқ, мен сізге хабарласып тұрмын ғой, мен істеп беремін" дейді. Содан мен оның алаяқ екенін бірден сездім. Сондықтан абай болыңыздар, енді осындай айла-тәсілмен ақшаларыңызды алып қояды", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыда неге өрік гүлдемей жатыр?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!