- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абайдың 200-дей өлеңін...
Абайдың 200-дей өлеңін жатқа білетін Елена қазақ тілін үйретіп жүр
Абай өлеңдерін жатқа айтатын қызылордалық Елена Пак өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүр, - деп хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік тілді тегін үйрету курстары Достық үйінің "Кел, сөйлесейік!" жобасы аясында бір ай бұрын басталды.
"Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Ассамблея жастары" ұйымы белсенді жұмыс істеп келеді. Ұйым құрамындағы этнос белсенділері қазақ тілін еркін меңгерген. Жастардың тіл үйренуге талпынысы жоғары, бұл - қуантарлық жағдай, - деді кейіпкеріміз.
Елена - "Қоғамдық келісім КММ" сарапшысы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша магистратурада оқып жүр.
Ол ақын Абайдың 200-ге жуық өлеңі мен "Ескендір" поэмасын жатқа біледі. Қазақшаға судай.
"Бес қазақ бір орыс үшін тілі бұралып, орысша сөйлеуге көшеді. Керісінше, басқа ұлттар қазақша сөйлеуге тырысатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Қайда өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек", - дейді Елена.
Назерке Саниязова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы