Тамыздың 7-сі күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда Абайдың 170 жылдығына арналған ақындар айтысы өтті. Іс-шараны ШҚО әкімдігінің қолдауымен Абай ауданы ұйымдастырып отыр, деп жазады Kazinform.
Аудандық мәдениет үйінде өткен «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты ақындар айтысына Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева сынды еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын қатысқан.
Айтысты ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді. Қазылардың шешіміне сәйкес, айтулы сөз додасының бас жүлдесін қарағандылық Дидар Қамиев иеленді.
1-орынды Сара Тоқтамысова алса, 2-орын Тілеген Әділов пен Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Ал 3-орынды Өміржан Көпбосынов пен Айбек Қалиев алды.