Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерекше тарту әзірлеп отыр.
- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай өлеңдерінің 4...
Абай өлеңдерінің 4 тілдегі жинағы EXPO қонақтарына тарту етілмек
Данышпан ақынның қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарық көрген өлеңдер жинағы шетелдік қонақтарға кәдесый ретінде ұсынылмақ. Бұл топтаманың ерекшелігі саяхатшылар үшін қолға ұстап жүруге қолайлы. Жинаққа Абайдың кең таралған 62 өлеңі енген. Жергілікті «Семей-көркем» баспаханасынан шыққан кітаптың таралымы – 2 мың дана.
Абай мұражайы халықаралық көрмеге арнайы экспозиция да дайындап жатыр. Ол үшін қызметкерлер ағылшын тілін меңгеріп алды.
«Қытай тілінде шыққан жинақтың ерекшелігі мұнда абайтанушы, аудармашы, Абайдың өмірін зерттеп жүрген Хабайдың аудармалары кіргізілді. Ағылшын және орыс жинақтарында бұған дейін аударылған аудармашылардың өлеңдері енгізілді. Әр өлеңнің астында сол аудармашыларды көрсетіп отырмыз», - дейді Абай мұражайының бөлім меңгерушісі Шынар Садықова.
«Мұражайды аралап көріп, данышпан ақын жайында көптеген дерекке қанықтым. Ал Абай өлеңдерін ағылшын тілінде оқып көріп ем, жаным рахаттанып, бойымды асыл сезім биледі. Бұл жырлар адамды ізгілікке шақырып, терең ой тұңғиығына жетелейді екен», - деп атап өтті Үндістан азаматы Кямьа Нгангом.
24.kz
Н. Айдархан