Балықшылар ауылында балық өңдіру цех ашылды. Енді ауыл тұрғындары өзге қалаларға өз өнімдерін тасымайтын болды.
Ауылдағы жас кәсіпкер Бақтияр Ибрагимов балық цехын ашып, балықты толық өңдеуге мүмкін берді. Цехтың құрылуы ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізіп, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпорын сазан, шортан, көксеркенің етін, одан бөлек балық қанаттарын сатады. Цехтың қуаттылығы күніне 1 тоннаға жуық жоғары сапалы балық өнімдерін шығара алады. Тассайда өндірілген өнім Семей, Алматы, Астана қаласының сауда орталықтары сөрелеріне сатылып жатыр.
Балық цехының иесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қосымша қаржы алып, кәсіпорынды кеңейтіп, тағы да 50 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
Тассай ауылы ежелден балық шаруашылығы жақсы дамыған елді мекен. Ауыл аудан орталығы Көкпектіден 60 шақырым, Зайсан көлінен 40 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде ауылда 867 адам тұрады, олардың көпшілігі балық аулаумен айналысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!