Облыс бойынша білім беру ұй ымдары ұжымы мен оқушылары, ата-аналар және еңбек ардагерлері мектеп пен қала аумағында көшет отырғызуға қатысты. №25, №48 мектеп ұжымы да акцияны қолдап, көшет отырғызуға шықты.
Олыс бойынша 300-ге жуық оқушы, 60 ата-ана және мектепте көп жыл бойы жұмыс істеген ардагер зейнеткер мұғалімдер игі шараға үлестерін қосты. Акция аясында 100 дана тал көшеттерін отырғызса, қалыптасқан дәстүр бойынша "Түлектер аллеясына" шырша көшеттері отырғызылды. Биылғы түлектер пирамидалық теректің 30 көшетін екті. Сондай-ақ, мектеп аулалары тал мен шие бұталарымен безендірілді.
Бұдан басқа Бесқарағай ауданында 200 колледж студенті 25000 ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысты.
Оқушылар мен аға буын өкілдерінің бірлескен жұмысы мектеп пен облыс аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған.
Абай облысы әкімдігі ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!