- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көмек
Абай облысының құтқарушылары екі балаға көмекке келді
Фото:
ТЖМ
Абай облысының құтқарушылары екі балаға көмекке келді. Оқиға Шәкәрім даңғылындағы Семей қаласының қалалық көпқабатты үйлерінің бірінде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2021 және 2023 жылы туған балалар әжесі қоқысты шығаруға шыққан кезде есікті ішінен жауып, үйде жалғыз қалған.
Ержүрек құтқарушы Ерұлан Құлсынов альпинистік жабдықтың көмегімен жетінші қабаттан алтыншы қабаттың балконына түсіп, пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті ішінен ашты.
Балаларды әжесіне аман-есен тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина