Абай облысының құтқарушылары адамды аман алып қалды

Абай облысының құтқарушылары адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Ертіс өзенінде ер адам қалқымалардың ар жағына жүзіп, оны ағын алып кетті.

Абай облысының Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан адамды байқап, жағаға жеткізіп, оған жедел көмек көрсетті. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж емес.

Ер адамның өмірін сақтап қалған қаһармандардың есімдері - Константин Ульянов пен Архат Тілеуберлинов.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыздар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз