- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысының Көкпекті...
Абай облысының Көкпекті ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Табиғи төтенше жағдайларды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды.
Кейінгі 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдер кептеліп қалды.
Көліктердің жалпы саны - 100 жеңіл, 15 жүк және 1 автобус.
17 ақпан 00:45-тегі мәліметке қарағанда, Көкпекті ауданында адамдарды құтқару бойынша арнайы операция аяқталды. Қазіргі уақытта қар құрсауынан 381 адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды. Құтқарылғандар жылыту пункттерінде орналастырылған.
"Қазіргі уақытта қар құрсауында қалған көліктің бәрі тексерілді. Одардың ішінде адамдар жоқ. Барлығы құтқарылып, жылыту пунктілеріне орналастырылған. Ертең таңертең жолды тазарту және техниканы қар үйінділерінен шығару жұмысы жалғасады", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан