Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өртті сөндіруге жұмылдырылған күштермен бірге Озерки ауылдық округіне қарасты Каштак және Талица елді мекендеріне іргелес ормандардағы жағдайды зерделеп, өрт сөндірушілердің іс-қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыстарды ретке келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстағы орман өртін тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданды. Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің төрағалығымен кеңес өтті.
Одан әрі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысының қаза болған орманшылардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккендерді қолдау және жедел түрде көмек көрсету туралы тапсырмасын орындау үшін Бородулиха ауданына аттанды.
Бұдан кейін өңір басшысы Шүлбі аймағындағы, Жерновка, Барышевка, Успен ауылдарындағы жұмыс барысымен танысты. Ауа райының және жел бағытының мерзімді өзгеруіне байланысты барлық тартылған күштерді реттеу және шоғырландыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет. Бұл мәселе төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен өткен Жедел штабта қаралып, ақпарат тыңдалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!