- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы түрмеде...
Абай облысындағы түрмеде адам өлімі болғаны рас - ІІМ орынбасары Игорь Лепеха
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Абай облысындағы түрмеде сотталғандардың жаппай пышақтасқаны жайлы түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иә, онда (Абай облысындағы бұрынғы орган қызметкерлері отыратын түрмеде - ред.) расымен кісі өлімі болды. Ол (жазасын өтеуші - ред.) пышақты өзі жасап алған. Өкінішке қарай, бұл - біздің қызметкерлердің салғырттығы. Бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Сол сәтте онда екі адам ғана болған, бөтен ешкім жоқ. Екеуі де – жазасын өтеуші, бірақ камералас емес. Оқиға күндіз болған. Басқа егжей-тегжейін айта алмаймын. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Бұл мекеме бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, Семей қаласындағы №19 колонияда ҰҚК төрағасының экс-орынбасарлары Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мажилов және қорғаныс экс-министрі Мұрат Бектанов жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін, осы оқиға туралы хабар алған бойда Абай облысы бойынша ҚАЖД-дан ақпарат сұрағанымызда қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл фактіні жоққа шығарған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz