Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа (ҚАэА) жаңа рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хабар" телеарнасында Еңбек күніне орай тікелей эфирде өткен "Адал еңбек" телемарафонында еңбек стажы бас-аяғы 616 жылды құрайтын әулетке КИНЭС сертификаты берілді. Оған бүкіл еңбек өтілі 616 жылды құрайтын Абай облысынан Тұқыбаевтар әулеті енді.
Теміржолшылар отбасының 27 мүшесі өмірін теміржолмен байланыстырыпты.
"Аталарымыз 1930-жылдары Түрксіб теміржолы құрылысына қатысқан. Содан бері біздің әулет темір жолда жұмыс істеп келеді. Бізге теміржол тарсылынсыз өмірді елестету қиын", - дейді әулеттің мұрағатын мұқият жинастырып, құжаттарды хаттап жүрген Құралай Маликриян.
Айта кетейік "КИНЭС" рекордтар кітабына ерекше, бірегей адамдар кіреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!