- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы табиғи...
Абай облысындағы табиғи өрт сөндірілді
Абай облысындағы табиғи өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 тамызда сағат 10:21-де "Семей Орманы" мөр аумағындағы орман алқабының жануы оқшауланды. Резерваттың мәліметінше, жану алаңы 27 гектар болды. Жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖМ бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылды.
Еске салайық, 4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түскен болатын.
Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина