Абай облысындағы Орлов шахтасында жарақат алған 2 жұмысшының біреуі ауруханада жан тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қыркүйекте сағат 14:20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның 2 жұмысшысы жарақат алды. Оқыс оқиғаға тау-кен массасының опырылуы себеп болған.
Зардап шеккен екі жұмысшының бірі ауруханада қайтыс болды. Екіншісі болса медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты.
"Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды", - делінген хабарламада.
Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!