- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы өрт:...
Абай облысындағы өрт: экс-министр тергеуде куәгер ретінде жауап берді
Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай облысындағы өрт бойынша тергеуде куәгер ретінде жауап бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Одан жай ғана куә ретінде жауап алынды, болды. Оның статусы жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр. Онда жоғары шенділерден ешкім жоқ. Өрт әлі сөндіріліп жатқанда мамандар мен өртсөндірушілерге кедергі жасамадық. Қалай аяқталады, біз солай тергеу барысында жауап аламыз, - деді Асылов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда.
Еске салайық, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов құқық қорғау органдары бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізетінін айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан