Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар минисрлігінің Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 тоннаға жуық су ағызылды.
Алматы қаласы, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменттері жіберген күштер мен құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!