Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде орман өрті Шүлбі ГЭС-ке жақындағаны туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл шындыққа жанаспайды.
Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкел бұл қауесетті жоққа шығарып, қазіргі уақытта ГЭС-ке нақты қауіп жоқ екенін айтты.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, күштер мен құралдар өрттің таралуын бақылайды", - деді Штыкел.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!