- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы орман...
Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті
Абай облысында Бабаев орман шауашылығының аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта қызыл жалынды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 бірлік техника, оның ішінде 3 тікұшақ жұмылдырылды.
"Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖ министрлігі мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штабтар құрылды. Өрт орнына Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аумағы шамамен 2000 гектар болатын 8 квартал өртеніп жатыр.
Өрт орнына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан