Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан аса адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.
"11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі - 410 тонна. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі - 590 тонна. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады", - делінген хабарламада.
Сағат 10.30-дан 11.00-ге дейін өрт болған жерде аздаған жаңбыр жауғаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!