Абай облысы Бесқарағай ауданындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 17:23-те толығымен сөндірілген.
Өртенген учаскенің ауданы 4,5 гектар болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей орманы" МОТР 30 адамы және 7 техникасы қатысты.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында құрғақ шөп өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!