Абай облысындағы колонияда неке қию рәсімі өтті

Абай облысындағы колонияда неке қию рәсімі өтті
Фото: Коллаж: polisia.kz, depositphotos.com

Абай облысындағы аралас қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 6 жыл бойы күткен неке қию рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бөтеннің мүлкін иемденгені үшін бас бостандығынан айырылған 53 жастағы сотталған азамат өзінің өмірлік серігімен заңды некесін қиды.

Жазасын өтеуші Тараздың бұрынғы тұрғыны бес жылдық мерзімге сотталған. Бүгінгі таңда сүйіктісімен бірге өздерінің арманына қол жеткізіп, неке куәліктеріне қол қойды.

Салтанатты рәсім Семей азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілімен қысқа мерзімді кездесу бөлмесінде өткізілді. Қалыңдық сүйіктісін түрмеге алынған сәттен бастап қолдап келген. Дегенмен бұл олардың алғаш рет бір-бірімен бетпе-бет жүздескен сәті еді.

"Сүйген адамымның басына қиындық түскенде оның жанында болмасам, өмір сүргенімнің мәні жоқ деп білемін. Иә, ол қателік жасады, бірақ қателігін түзеуге көмектескім келеді. Ол қатты өкінеді, мен мұны білемін. Енді біз бір отбасы болдық", - деді Салтанат.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан