Абай облысындағы жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
25 тамызда сағат 03:30 шамасында, Семей-Өскемен тасжолында Toyota Land Cruiser және Nissan Elgrand автокөліктері соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан 1 жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тапты, зардап шеккен 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Бұл дерек бойынша екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!