Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты.
"Науқастарды Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды. Бортта дәрігерлер бригадасы бар", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, тоғыз жастағы қыз бала дәрігерлердің бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылған.
Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!