- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы бір...
Абай облысындағы бір аудан көшелерді жөндеуге 800 миллион теңге бөлмек болған
Үржар ауданының прокуратурасы 800 миллион теңгеден аса сомаға конкурстың күшін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аудан прокуратурасы Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 803 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойған.
"Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алуды тиісті ведомстволық сараптамасыз өткізбек болған ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 21-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес). Қазір жергілікті атқарушы орган заң талаптарына сәйкес конкурстық құжаттаманы өткізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз мемлекеттік сатып алу шарттары жасалғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова