- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы ауылда...
Абай облысындағы ауылда төтенше жағдай жарияланды
Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деп болжанған. Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.
Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина