- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы алапат...
Абай облысындағы алапат орман өрті туралы іс сотқа жетті
2023 жылғы маусым айында "Семей орманы" резерватында болған өртке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Істі Абай облысы Бородулиха аудандық соты қарайды.
"Абай облысының Бородулиха аудандық соты "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс жүргізді. Лауазымды адамдар ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігінде көзделген "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталып жатыр. Осы баптың санкциясымен белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сотталушылар үй қамауында", - деп хабарлады Абай облысы Бородулиха аудандық сотының баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан