Абай облысында үйде жалғыз қалған балалар құтқарылды

Абай облысында үйде жалғыз қалған балалар құтқарылды
Фото: ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері пәтерде қалып қойған бүлдіршіндерді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семейде бір пәтерде кішкентай балалардың қалып қойғаны туралы хабар түсті. Олардың анасы дүкенге шығып, пәтердің кілтін жоғалтып алған.

Құтқарушылар шанц саймандарының көмегімен есікті ашып, пәтерге кірді.

 Абырой болғанда, іште 2017 және 2025 жылы туған балалар аман болып, еш зардап шекпеген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget