- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында ұлттық...
Абай облысында ұлттық парктің басшысы ағасын заңсыз жұмысқа алған
Фото:
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Абай облысында ұлттық парктің басшысы ағасын заңсыз жұмысқа алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Облыс прокуратурасы "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алды.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде "Тарбағатай" МҰТП" РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн. теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.
Бүгінде сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина