- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында тұрғын...
Абай облысында тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ
Абай облысында тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда: 300-ден астам қаптар төселді, бөгет жағалауы бойымен 400 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйінді жүргізілді.
Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштер мен құралдар орналасқан.
Оқиға орнында ЖАО-дан 40-тан астам адам, жергілікті халықтан 70-ке жуық адам және 18 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Жағдай бақылауда.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина