Абай облысының құтқарушылары автожолдан 4 адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін таңғы сағ.6-да 112 пультіне "Алматы-Өскемен" Республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылғаны және адамдарды эвакуациялау талап етілетіні туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ақаулы жеңіл автокөліктен 4 адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!